Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бакуде Елбасы туралы фильм көрсетілді

0 166

Бакуде АҚШ-тың танымал кинорежиссер, үш дүркін «Оскар» иегері Оливер Стоунның Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірген «Qazaq History Of The Golden Man» фильмі көрсетілді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz cайтына сілтеме жасап.

Шараға мәдениет және ғылым, қоғамдық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері мен фильмнің режиссері Игорь Лопатенок пен продюсер Вера Томилова қатасты. Олар trend.life-қа берген сұхбатында екі жылға жуық мерзім ішінде түсірілген картина туралы баяндап берді.

Кештің ашылу салтанатында Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов екі ел арасындағы қатынастардың жоғары деңгейі мен киножоба туралы айтты.

Еске салсақ, Оливер Стоунның продюсерлігімен шыққан «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмді түсіруге 19 ай кеткен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.