Қалалық қоғамдық-саяси газет

Киноға шешініп түскен Абай Бегей алғашқы рөлі жайлы айтты

0 304

Бірер күн бұрын киносүйер қауымға жол тартқан «Тойхана» кинокартинасында отандық әртістер бой көрсетті. Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Айқын сынды танымал хитмендермен бірге Абай Бегей де киноға түсті. Paparazzi бағдарламасына берген сұхбатында Абай Бегей кино саласындағы алғашқы жұмысы жайлы айтып берді,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Басында негізі ұнамаған. Киноны әлі көрген жоқпын. Шешініп, футболкасыз түстім. Кино болғаннан кейін келісімімді бердім. Көреміз қалай боларын», – деді ол.

Алғашқыда образы ұнамағанымен, түсірілім алаңына келгенде Абайдың ойы өзгерген. Тіпті, болашақта Бегейді өзге картиналардан көрсеңіз, таңғалмаңыз. Себебі әншіге киноға түскен ұнап қалған. «Қасымда операторлар, режиссер барлығы көмектесіп, үйретіп отырды. Ондай қатты қиын болған жоқ. Киноға түскен өте қызық екен», – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.