Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дизайнер Сәкен Жақсыбаев Әлішер Кәрімовтің киіну стилін сынға алды

0 212

Соңғы кездері қазақстандық дизайнерлердің әнші-әртістерге көңілі толмай жүрген көрінеді. Жуырда Лилия Рах Димаш Құдайбергеннің киіну стилін сынға алса, оның сән әлеміндегі әріптесі Сәкен Жақсыбаев қазақстандық шоу-бизнесте стиль жағынан үлгі алатындай жұлдыз жоқ, деп мәлімдеді. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біздің елде білім, талғам, стиль мен өзін-өзі ұстау мәнеріне қызығатындай өнер иесі жоқ. Бұл тақырыпқа келгенде ойым біржақты», – деді Жақсыбаев.

Десе де, дизайнер сахнада жүрген әртістерден кімнің стиліне қарап бой түзеуге болатынын айтты.

«Әли Оқаповтың стилі ұнайды. Бірқалыпты, қызықты, эпатажды емес… Әрқашан аппақ жейде, әдемі қара костюммен жүреді. Ол өзінің стилін өзгертпейді. Тұрақтылық пен талғамның көрінісі», – деді дизайнер.
Сәнгер өзіне ұнамсыз өнер иесін де атады.

«Әлішер Кәрімовтің сырт келбетімен жасайтын тәжірибелері сәтті деп айта алмаймын, құптамаймын. Адамдардың пікірі болады және кәсіби маманның пікірі болады», – деді Сәкен Жақсыбаев.

Ал Оқапов күнделікті өмірде болсын, сахнада болсын, аса қымбат, жылтыр киімдерге қызықпайтынын жеткізді. 

«Тым қымбат немесе тым эксклюзивті киімдер менде болмайды. Қатты жылтыр немесе көз тартатын киімдерді де ұнатпаймын. Өмірде де, сахнада да… Өзіңе ыңғайлы, жарасымды , әдемі болу керек. Әр ер азаматтың гардеробында бір жақсы смокинг болу керек. Ерекше кештер болады. Оған ештеңесін аямай, қымбат смокинг киемін. Бірақ өте сирек, жылына 1-2 рет», – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.