Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Манчестер Юнайтед» бас бапкерсіз қалды

0 221

Уле-Гуннар Сульшер қызметінен кетті. Бұл туралы «Манчестер Юнайтед» клубының ресми сайты хабарлады. 

Енді команданың бас бапкері қызметін уақытша Майкл Кэррик атқарады. Дегенмен, клуб басшылығы «Қызыл сойқандармен» осы маусымның соңына дейін ғана жұмыс істейтін тәжірибелі жаттықтырушы табуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, Сульшер «Манчестер Юнайтед» клубын 2018 жылы қабылдаған болатын. Норвегиялық маманның жетекшілігімен клуб өткен маусымда Еуропа лигасының финалына дейін жетіп, «Вильярреалға» жол берді.

Ал Англия премьер-лигасының биылғы маусымында 12 ойын өткізіп, 17 ұпай жинады. Қазір турнирлік кестеде 7 орында тұр.

nege.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.