Қалалық қоғамдық-саяси газет

Вакцинадан кейін сарбаз көз жұмған: Желіде таралған видео қазақстандықтардың қызу талқысына түсті

0 437

Telegram мессенджерінде COVID-19-ға қарсы вакцина алған сарбаздардың жаппай көз жұмғаны жайлы видео тарады. Видеода расымен де әскери қызметкерлер мен оларға көмек көрсетіліп жатқан сәт түсірілген, деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

StopFake.kz порталының мәліметінше, бұл жағдайдың коронавирусқа қарсы вакцинаға ешқандай қатысы жоқ. Бұл видео 2021 жылдың тамызында ағылшын тілді ортада көп тараған. Оған сипаттама ретінде видеодағы әскерилердің COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алғаны, олардың кенеттен қайтыс болуына да вакцина себеп болғаны жазылған.

Ал шындығында бұл видео биыл 21 тамызда Үндістанда төзімділік жарысы кезінде түсірілген. Қатты ыстық пен ауаның ылғалдығына байланысты 34 сарбаз есінен танып қалған. Жарыстың 72 сағатқа созылғаны белгілі және сарбаздар есінен танбас бұрын 10 шақырымды толық жабдық пен қару-жарақты көтеріп жүріп өткен.

Зардап шеккен сарбаздың барлығы ауруханаға ыстық өткен деген диагнозбен жеткізілді. Ішінде бір сарбаз қайтыс болды, бірақ оған COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның еш қатысы жоқ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.