Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ана баланың саулығы үшін екпе ектіргенін айтты

0 354

Кеше Б.Момышұлы мектеп-гимназиясының оқушысы, 13 жастағы Жасмин Нысанбай Жамбыл аудандық емханаға жеткізілген «Pfizer» вакцинасын қабылдады,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Анасының айтуынша, сергелдеңге салған індеттен құтылу үшін отбасымен вакцина қабылдаған.

– Ауданға «Pfizer» вакцинасы келгенін естіп, осында келдік. Ата-анаға баланың қауіпсіз өмірі мен денсаулығы – маңызды. Қызымыз екпеден өтті. Ақ халатты абзал жандарға алғысымды білдіремін, – дейді.

Жамбыл аудандық орталық ауруханасының иммунолог дәрігері Жадраш Тотаеваның айтуынша, бейсенбі күні өңірге 30 доза «Pfizer» екпесі жеткізілген.
Бүгінде 10-ға жуық жасөспірім мен 1 бала күтіміндегі анаға салынған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.