Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда коронавирус жұқтырған мұғалімдер мектепке келген

0 558

Оралда коронавирус инфекциясын жұқтырып, Ashyq қосымшасында «қызыл» мәртебе көрсеткен мұғалімдер жұмысқа келген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алайда оларға ешқандай айыппұл салынбапты. Себебі, қаладағы білім бөлімі ұстаздар карантин талабын бұзбады деп ақталып әлек.

Облыс әкімі «қызыл» мәртебелі ұстаздардың жұмысқа келуіне үзілді-кесілді қарсы шықты. Қазір Батыс Қазақстан облысында ауру деңгейі азайып, «жасыл» аймаққа жайғасқан.

Алайда Ғали Есқалиев вирус жұқтырғандардың қоғамдық жерде тайраңдап жүруіне жол бермеу керек дейді. Себебі, өңірде екі мектеп пен бір балабақша қызметкері «қызыл» мәртебе көрсетіп тұрса да жұмысқа емін-еркін келіп жүрген. Бірақ білім бөлімі бұл «Ашық» қосымшасындағы қателік деп ақталуға тырысты.

“Екі мектепте де, балабақшада да біздің педагогтарымыз ауырып қалған. Үйінде 14 күн карантинде болып «Еңбекке жарамды» парағын жауып мектепке келген уақытында «Ашық» қосымшасы өңделмегендіктен, бұларға «қызыл» түс көрсетілген. Сондықтан олар мектепке кірмей, қағаздарын мектептің алдындағы кісіге беріп, сосын кейін кетіп қалған. Содан кейін ертесіне жұмысқа келгенде «жасыл» түс шығып жұмысқа кірді”,

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.