Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Өз еркіммен қалып қалдым»: Қарағандыда құлдықта болдым деген Ресей азаматы сөзінен айнып шықты

0 747

Қарағанды облысында 20 жыл құлдықта болдым деген Ресей азаматы соңында сөзінен тайқып шықты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Кезінде Приозерск қаласындағы Ресей әскери бөлімінде борышын өтеген ол үйіне қайтпай, осы өңірде өзі қалып қойғаны белгілі болды.

“Полиция қызметкерлерімен бірден ҚР Ресей елшілігіне хабарлама берілді. Солардың қатысуымен қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде. Алайда жәбірленуші азамат өзінің алдында жариялаған хабарламасынан қазір бас тартып отыр. «Мені ешкім ұстаған жоқ, мен Қазақстанда өз еркіммен болдым» деген мәлімдеме жасады. Оның қолында әскери билеті және басқа құжаттары бар”, – деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Бейнежазбада 44 жастағы Алексей Котов Қарағанды облысы Шет ауданындағы қыстақтардың бірінде 20 жыл құлдықта жүргенін айтқан. Көп ұзамай полицейлер аталған қыстақты тауып, Алексей Котовты Қарағандыға жеткізіпті. Ол арызданған қожалық иесін де ұстап, қылмыстық іс қозғаған. Алайда айтқан сөзінен елшілік өкілдерінің көзінше бас тартыпты.

Айтуынша, әркери қызметінен кейін Қарағанды облысында қалып, қаңғыбас күйге түсіпті. Алайда ағынан жарылған Алексейді дипломаттар алды-артына қаратпай жетектеп ала жөнелді. Жалпақ жұртқа құлдықта жүргенін жар салғанан кейін сөзінен айнуының себебін тілшілер де білмек болған. Бірақ елшілік өкілдері белгісіз себептермен оны сөйлетпей, тіпті ерсі қылық та танытты.

Бұған дейін полиция ер адамның өзін Ярославль облысы Гаврилов-Ямск ауданы Горе-Грязь ауылының тумасы Алексей Александрович Котовпын деп таныстырып, тұтқында екенін айтқан бейнежазбаны ұсынған болатын. Ер адам ата-анасынан көмек қолын созуды сұраған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.