Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жел салдарынан газ құбырлары зақымданды

0 324

Жамбыл облысында екпіні күші қатты желдің салдарынан газ құбырлары зақымданды.

Елдімекендердегі үйлердің қоршауы құлап, ағаштар сынған. Құлаған ағаштар мен шатырлар көшедегі газ құбырларына зақым келтірді. Апатты жағдай болмас үшін газ қызметкерлері зақымданған құбырларға газ беруді тоқтатып жатыр.

Сағат 12-00-ге дейін Тараз қаласында газ құбырын құлатқан 25 оқиға, Жамбыл ауданында -16 оқиға, Жуалы мен Байзақ аудандарында бір-бір оқиға тіркелді.

Апат орын алған жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу әзірге мүмкін емес. Желдің күші саябырлаған соң ғана, газ мамандары құлаған құбырларды қалпына келтіріп, газ берумен айналысатын болады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.