Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлы ұстаз ұлықталған күн

0 311

Тараз қаласындағы №9 бөбекжай-бақшасында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ұстаздың ұлы келбеті» атты мәнерлеп оқудан байқау ұйымдастырылды.

Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты – қазақтың алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алу, балаларды ақынның өмір жолы және шығармашылығымен таныс- тырып, рухани адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Байқау үш кезеңнен құралып, үміткерлер «Өнер-білім бар жұрттар» ақынның өлеңін мәнерлеп оқу және жатқа айту, «Ыбырай әлемі» сұрақтарға жауап беру және «Мақал – сөздің мәйегі» бөлімінде Ы.Алтынсариннің мақалдарын бір минут ішінде жалғастырудан сынға түсті.
Жарыс қорытындысында Нұрила Тұрғынбек шашасына шаң жуытпай, бірінші орынды жеңіп алса, екінші орын Жайна Камаловаға бұйырды. Үздік үштікті Күнсұлу Тәжиева түйіндеді.
Жеңімпаздар кәсіподақ атынан бағалы сыйлықтармен марапатталса, өзге қатысушыларға Алғыс хат табысталды.

Жанар Оспанова,
Тараз қаласы №9 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.