Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бұл реакция көптеген қазақстандықтарды қынжылтады»: Дариға Назарбаева Лавровтың Қазақстандағы ксенофобия туралы мәлімдемесіне түсінік берді

0 410

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мақаласында айтылған Қазақстандағы ксенофобия туралы сөзге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz басылымына сілтеме жасап.

«Жаңа тарих басталғалы бері Ресей мен Қазақстан қоғамды біріктіруде, ұлтаралық келісімді нығайтуда елеулі үлес қосты. Өкінішке қарай, соңғы уақытта Қазақстандағы орыс тілді азаматтарға қатысты ксенофобия туындаған жағдайлардың куәсі болып отырмыз. Көп жағдайда бұл жергілікті ұлтшылдықты өршіту және Ресеймен ынтымақтастықтың беделін түсіру мақсатында орындалып жатқаны байқалады», – делінген еді Ресей Сыртқы істер министрінің мақаласында.

Дариға Назарбаева бүгінде Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқанын, Қазақстан Конституциясында орыс тілінің мәртебесі бекітілгенін және көптеген мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында орыс тілі өз деңгейінде оқытылатынын еске салып өтті.

«Қазақстанда тұрып жатқан миллиондаған ресей ұлты өз айналасынан «ксенофобияны» байқамайды. Сондай-ақ бұл мәселені қазақтар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар, немістер және Қазақстанның басқа да көптеген халықтары жоққа шығарады. «Ксенофобияның резонансты көріністеріне» келетін болсақ, олардың әрқайсысына құқық қорғау органдары мен қазақстандық қоғам тарапынан ең салмақты баға берілетін болады. Осылай болған, болып жатыр және болады да», – деді мәжіліс депутаты.

Депутаттың өзі Ресейдің өзінде «ксенофобиялық көріністер» мезгіл-мезгілімен орын алып, Ресей мемлекетін оларға сәйкес әрекет етуге мәжбүр ететін қоғамдық наразылықтар туындап жататынын атап өтті.

«Мен кей кездері біздің елімізбен қатар әлемнің көптеген басқа елдерінде орын алып жататын осындай күнделікті ұлтшылдықтың кейбір көріністеріне Ресейдің жоғары билігі осындай реакция білдіріп жатқанына шын жүректен өкініш білдіремін. Бұл реакция көптеген қазақстандықтарды таң қалдырып әрі қынжылтады. Сергей Викторович былай деп жазады: «Жекеше орын алған оқиғалар негізінен сырттан арнайы ақпараттық тәсілдерді қолданудың жемісі болып табылады». Менің пайымымша, мұндай жағдайларға ресейдің ресми реакциясы шетелдік агенттердің әрине егер олар бар болса, диверсиялық жұмыстарының өз мақсатына жеткенін дәлелдейді. Және бұл екі есе өкініш тудыратын жағдай», – деп түйіндеді Дариға Назарбаева.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.