Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әлеуметтік желідегі өтінішке басшылар жедел назар аударды

0 145

   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында азаматтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне назар аударып қана қоймай, олардың түйткілді әрі өзекті мәселелерін шешу жолдары көзделген болатын. Бүгінде тұрғындардың өтініші әлеуметтік желілерден келіп түсіп, оның орындалуы Жамбыл облысы әкімі аппаратының және аудан әкімі Сәкен Арубаевтың тікелей бақылауына алынған,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

   «Сөзден-іске» көшсек, жуырда Жамбыл ауданы Аса ауылындағы Қойгелді көшесінің тұрғындары әлеуметтік желіде тұрғын үйге газ тарту жұмыстары тиянағын таппай жатқанын, ауарайы күннен-күнге суытатыны туралы Жамбыл ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасына сауалын жолдаған болатын.
Өтініштің мән-жайын анықтау мақсатында Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов пен «ҚазТарнсАймақ» АҚ-ның аудандық филиалының мамандары зерделеу жүргізіп, азаматтардың сұранысын толықтай қанағаттандырды.

   Өз кезегінде газды қолданып отырғаны туралы бейнефотоны кері жолдаған қойгелділіктер жедел әрекет еткен басшыларға аналық алғысын білдіріп, ризашылығын білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.