Тележүргізуші Оксана Лоскутова енді Аубакирова болғанын хабарлады. Қазақтың Арман есімді азаматына тұрмысқа шыққан ол тегін қазақтың тегіне ауыстырған, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz. сайтына сілтеме жасап.
“Айтпақшы, Аубакирова болдық. Ұзақ ойланып, осындай шешімге келдім. Әкем ренжімейтін шығар. Лоскутова фамилиясы абыройлы болды. Енді өз жұртыма қызмет етейін”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Ол күйеуі жайлы айта кетті.
“Жолдасым – Арман. Қазақтың қарапайым жігіті. Сурет қыз бен жігіт күнімізден. Азаматымның жаны таза, ақкөңіл, қолы ашық, аузын ашса, көмекейі көрінеді. Сол себепті оған бірден сендім”, – деп жазды Оксана.
Айта кетейік, Оксананың әкесі – орыс, анасы – қазақ. 19 жасында қызметін телеарнадан бастаған ол жаңалықтар қызметін жүргізген. 2013 жылдан бастап түрлі мекемелерде баспасөз қызметшісі болып қызмет атқарып келеді.