Қалалық қоғамдық-саяси газет

21 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

0 228

21 жастағы қазақстандық боксшы Александр Ковригин Германияда өткен жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жетті. Бұл жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін спортшының кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісі болып отыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Ванген-им-Алльгой қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсеткен. Жас боксшының қарсыласы грузиялық Нукри Гамгебели (10-13, 7 КО) болды. Ковригин төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Отандасымыздың жойқын соққыларынан кейін төреші араласып, жекпе-жекті тоқтатқан.

Александр Ковригин кәсіпқой бокстағы мансабын биыл ғана бастаған. Ол бір жылда төрт кездесу өткізіп, үшеуін уақытынан бұрын аяқтаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.