2030 жылға таман әлемнің 6 қаласы су астында қалуы мүмкін,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Климаттың өзгеруін зерттеумен айналысатын «Клаймэт централ» ұйымы өкілдерінің болжамы осындай. Қауіп төніп тұрған 6 қаланың ішінде Нидерланд астанасы Амстердам, Ирактағы Басра, АҚШ-тағы Жаңа Орлеан, Италиядағы Венеция, Вьетнамдағы Хошимин мен Үндістандағы Калькутта бар. Сарапшылар бәріне климаттың өзгеруі себеп дейді. Сондықтан әлем жұртшылығын шұғыл әрекет етуге шақырып отыр. Жалпы мамандар климаттың өзгеруінен аралда орналасақан мемлекеттерге де қауіп төніп тұрғанын айтады. Мәселен, бір ғана цунами Тынық мұхитындағы Кирибати аралын жермен-жексен етуі мүмкін дейді сарапшылар.