Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаза тапқан кеншілер шахтадан шығуға тырысқанымен үлгермеген (видео)

0 565

Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында болған төтенше жағдайға ең алғашқы болып құтқарушылар түседі. Осыған орай Express Qazaqstan тілшісі кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинский сұхбат берген еді.

Алдын ала болжам бойынша, кен орнында көмір мен газдың, яғни метанның деңгейі шамадан тыс көтеріліп кеткен. Кеншілер қолдарында бар құрал-саймандармен құтылуға тырысқан.

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

«Өзін-өзі құтқару» дейтін әрекет болады. Кеншілер шахтадан өздері шығуға тырысқан… Олар арнайы киімді кимек болғаны көрініп тұр. Шамасы, оқиға барынша тез болған,

— дейді Геннадий Силинский.

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Шахталарда жиі кездесетін осындай қайғылы оқиғалар себептерінің бірі — көмір мен газдың атылуы. Маманның айтуынша, метанның кенжардың қай бөлігіне жиналып қалғанын болжау қиын. Сондықтан оны бомбамен салыстыруға болады.

Негізі осындай газ жиналып қалған орындарды табу қиын. Олар шахтаның бүйірінде, төмен немесе жоғары жағында болуы мүмкін. Ал ол жарылған кезде қираған көмірі бар газ оттегіні шығарып тастайды да, адамдар уланып қалады,

— деп түсіндіреді Қарағанды филиалының директоры.

Express Qazaqstan бұған дейін Қарағанды облысында шахтада газдан уланып алты адам қаза тақанын және қайтыс болған кеншілердің отбасына 10 жылдық еңбекақы төленетіні жазған едік.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.