Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Еркекке төрт әйелге дейін алуға болады»: Шымкент тұрғындары психологтың әйелдің екі күйеуі болу керек деген бастамасына пікір білдірді

0 783

Шымкент тұрғындары қазақстандық психологтың әйел екі күйеуге тұрмысқа шығу керек деген ұсынысына қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкенттіктер психолог Серікгүл Сәлидің бұл ұсынысына әртүрлі пікір білдірді. Алайда көпшілігі мұндай пікірмен келіспейтінін ашық айтты.

”Бұл – адамгершілікке жат”, “ Әйелдерге екі еркекке тұрмысқа шығуға болмайды, ал еркекке төрт әйелге дейін болады”, “Мүмкін қоснекелікке рұқсат беру керек шығар”, дейді тұрғындар. Тағы бір зейнеткер жұп бүкіл ғұмырында мұндай нәрсе туралы ойлап көрмегенін жеткізді:

“Біз атаң екеуміз бірге 60 жыл тұрдық, тағы бір серік іздеу туралы ойламаппыз да” “Керек болса өзі екі күйеулі болсын” дейді олар.

Еске салсақ, психолог әйел толық қамтамасыз етілген болуы тиіс деген пікірін білдірген.

«Әрбір әйел екі күйеуге тисін деген сонымен қоса әрбір еркектің екі әйелі болсын” деген заң қабылдану керек. Әйелді толық қамтамасыз ету керек. Қай жағынан болса да, кейбір еркектердің шамасы жетпей жатады. Сол кезде екі күйеуі болса әйелге қолдау болады”, – деген еді психолог.

Содан соң Серікгүл Сәли өзінің бұл пікіріне түсініктеме берген еді. Айтуынша, ол мұндай бастаманы ерлі-зайыптылардың өзге де жұбайы болуы тиіс деген көзқарастың болашақта мүмкін болмайтынын түсіндіру мақсатында көтерген.

“Бір әйелдің екі күйеуі болуы керек” деген мүмкін емес нәрсе. Мен мұны елестете де алмаймын. Екі қошқардың басы бір қазанға сыяды деген ойды да өзіме ұлықсат ете алмаймын. Бұл қалай мүмкін емес болса, бір еркектің екі әйелі болуы керек деген де – болашақта мүмкін емес нәрсе. Осымен салыстырып айттым. Әйелдер ер адамдармен бір-бірін бақытты ету жолында деңгейі бір болып есептеледі, үшінші адам бұл әрдайым артық болады. Үш адамнан қарым-қатынас құрылады деген модель болашақта болмайды”, – деген еді ол Stan.kz редакциясына берген сұхбатында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.