Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аурухана қызметшісі 12 жыл бойы әйелдер мен балалардың мәйітін қорлап келген

0 573

Ағылшындық Дэвид Фуллер сотта екі қызды өлтіргенін мойындады, оның өмірбаянының басқа да тұстары белгілі болды. Ол Лондон маңындағы мәйітханаларда 12 жыл бойы әйелдер мен балалардың мәйітін қорлағаны белгілі болды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Британ жұртшылығын бұрын-соңды болмаған осындай зұлымдық селт еткізді. Денсаулық сақтау министрі барлық мәйітханаларды тексеруді бұйырды, ал парламент депутаттары қоғамдық тексеруді талап етті.

Қазір 67 жастағы Фуллер Англияның оңтүстік-шығысындағы Шығыс Сассекс пен Кенттегі екі ауруханада жұмыс істеген. Ол кешкі ауысымда жұмыс істеген, себебі жұмыстан кейін аурухана бос кезде мәйітханаға барып жүрген.

Фуллердің үйінде тергеушілер әйел мәйіттерінің жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын дәлелдейтін миллиондаған фотосуреттер тапты, соның ішінде үш қыздың суреті де бар. Полицияның мәліметінше, құрбан болғандар саны жүзге жуық.

Фуллер 2008 жылдан 2020 жылдың қарашасына дейін мәйітханаларда некрофилиямен айналысқан. Бұл қылмысы 25 жастағы Венди Нелл мен 20 жастағы Каролин Пирсті өлтіргені үшін сотқа берілгеннен кейін ғана белгілі болды. Осы округтің британдық депутаты Крег Кларк пен оның жеті әріптесі ауқымды тергеу жүргізуді талап етті.

«Ұлыбритания мәйіттерді келемеждеуге қатысты мұндай жаға ұстатар оқиғаны бұрын-соңды білген емес. Бұл ауруханалардың бірі заманауи қауіпсіздік жүйелерімен толықтай жабдықталған. Шынымды айтсам, қауіпсіздік жүйесі бар жерде осылай болса, басқа жерден не күтеміз?», – деді Кларк.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.