Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ел игілігіне бағытталған жобалар – сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс

0 162

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі «Жол картасының» орындалу барысы талқыланды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

«Nur Otan» партиясының төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партияның «Өзгеріс жолы: баршаға лайықты өмір»  сайлауалды алды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы дайындалған болатын.  Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сайлауалды бағдарламаның уақытылы және тиімді орындалуы бойынша шаралар қабылдауды жүктеген.

Республикалық Жол картасы сайлауалды бағдарламаның барлық бағыттарын іске асыру жөніндегі 362 іс-шараны (жоспар 87,8 пайызға орындалды), облыстық жол картасы 121 іс-шараны (92,4 пайызға), аудандық жол карталары 952 іс-шараны (86 пайызға) қамтиды.

Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту, ауыл шаруашылығы, энергетика және ТКШ, құрылыс басқармаларының басшылары және аудан әкімдері Жол картасының тармақтарын орындау жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру, ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту, елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін ұлғайту, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жүйелі шаралар іске асырылған.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Надира Жолдасбекова Жол картасының орындалмау қаупі бар тармақтарына қатысты қосымша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға орындалмау қаупі бар жобаларды жеке бақылауға алуды, индикаторларды толық көлемде орындау бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

– Облыстық басқармалар министрліктермен бірлесіп жұмыс істеп, кемшіліктерді дер кезінде жоюы тиіс. Жауапты тұлғалар Жол картасын іске асыру арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қойылған міндеттердің уақытылы орындалуына бақылауды күшейтуі тиіс. Жаңа жұмыс орындарын құру үшін мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шаралардың барлығы халықтың өмір сүру сапасы мен әл – ауқатын арттыруға мүмкіндік береді, – деп түйіндеді аймақ басшысы.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.