Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық шаруалар күздік дақылдың 77,8 пайызын сеуіп үлгерді

0 474

Биыл күздік бидайды 152,7 мың гектар алқапқа себу жоспарланған. Бүгінгі таңда алқаптарға себілгені 77,8 пайызды құраса, қалған 22 пайызын ауыл шаруашылығы мамандары қараша айының он күндігінде аяқтамақ,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі. 

Өңірде күзгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жергілікті әкімдіктің ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, ағымдағы жылы қажетті егістік жердің 96,7 пайызы дайындалып, 118 782 гектар алқапқа күздік дақыл егілген. Сонымен қатар сапалы өңделген топырақта ғана дақылдың өсіп, дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалуда.

«Бір ғана Байзақ ауданын алатын болсақ, олар алдағы жылы дәнді дақылдардан жақсы өнім алу үшін диқандар сүдігер жыртып, тыңайту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда ол ауданда 231,2 мың гектар сүдігер жыртылып, жоспар 53,6 пайызға орындалған. Онда күздік себу жұмысы да аяқталып келеді. Ал жалпы облыс бойынша күздік себуді қараша айының алғашқы он күндігінде 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр», – деп түсіндірді басқарма басшысы Қайрат Аманов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.