Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қаланың бәрі қоқыста қалады»: Семейде коммуналдық қызметкерлер ереуілге шықты

0 232

Семейде коммуналдық қызметкерлер ереуілге шықты. Билік қалдықтарды шығару тарифін көтермейінше, олар қоқысты шығарудан бас тартамыз деп отыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме беріп.

Аулалардағы контейнерлер толып, қоқыс көбейген, жағымсыз иіс мүңкіп тұр.

Қоқыс тасушы жүргізушілер қазір адамдар көп қоқыс шығаратынын айтады, ал оны есептеу жүйесі өзгермеген.

“Қалада қоқыс көбейеді. Барлығы қоқысқа толады. Жалақы көтерілгенше шықпаймыз. Біз кеше келдік, барлығы бізге уәде берді. Ал нәтиже жоқ. Көбі пәтер жалдап тұрады, тамақтың бағасы өсуде, ал жалақы өсіп жатқан жоқ”, – дейді ол.

“Жалақыны көтере алмаймыз, өйткені бізде Қазақстан бойынша ең төмен тариф: бір адамға 190 теңге. Қазір өздеріңіз білесіздер, жанар-жағармай бағасы да қымбаттады. Жүргізушілер де мұны сезінеді. Балалар, отбасылар. Бұл да әсер етеді. Шынында да, бұл еңбек еленбейтін жұмыс. Ал тариф өте төмен. Сондықтан жалақыға әсер етеді”, – дейді кәсіпорын директоры Бекжан Қапышев.

Әкімдікте жаңа есептерді енгізуге уәде беріп отыр. Ол үшін сарапшылар тартылды. Егер нормалар бекітілсе, қоқыс шығару қымбатқа түседі. ​Ал жұмысшыларға шыдай тұруға тура келеді.

“Біз бұл мәселені қысқа мерзімде шешіп, жаңа тарифтерді бекіту үшін мәслихат сессиясына енгізгіміз келеді. Бірақ қазір бұл процедуралардың есеп айырысу кезеңі”, – дейді Семей қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.