Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қайрат» футбол клубы Алматыдағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді

0 303

«Қайрат» футбол клубы ішінде ойыншылар мен жаттықтырушылар болған Алматы әуежайында болған ұшақ апатына қатысты пікір білдірді,– деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 22 қазан күні таңертең Алматының халықаралық әуежайында болған. FlyJet әуекомпаниясының ұшағы Renault  автокөлігімен соқтығысқан.

«Расымен де футболшылар мен «Қайрат» футбол клубының жаттықтырушылар штабы ұшақ бортында болды. Қуанышымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Құрама біраз уақыт ұшақ ішінде болып, кейіннен клубтың жаттығу кешеніне кетіп қалды. Бүгін кешкісін 24 қазан жексенбі күні өтетін «Қайрат – Астана» маңызды матчының алдындағы кешкі жаттығулар болады», – деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.

«Қайрат» Алматыға Әзірбайжанда болған «Қарабаққа» қарсы ойыннан оралған. Қазақстандық клуб Конференциялар лигасының топтық кезеңінің үшінші турының матчында жеңіліске ұшырады (1:2).

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі «Жол қозғалысы қауіпсіздігі мен әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін Алматы әуежайында ұшақтың жеңіл көлікпен соқтығысқаны туралы жазылған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.