Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кісі өлтіріп, түрмеге түсіп, кейін әлемдік компанияны басқарды: Nike басшысы қылмысын мойындады

0 541

Nike компаниясы басшыларының бірі Ларри Миллер 1965 жылы Филадельфия көшелерінің бірінде кісі өлтіргені туралы айтты. Ол кезде Ларридің жасы он алтыда болған,– деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Миллердің сөзінше, жас кезінде гангстерлік ұйымның құрамында болған. Ол өзге ұйыммен қақтығыс кезінде қаза тапқан досы үшін адам өлтіргенін мойындады.

Миллер тапанша алып, кек алуға бел байлаған. Үш досымен бірігіп, ішімдік ішкен. Бұдан кейін жауларын іздеуге аттанғанын айтады. Алайда кек алудың орнына ол алдынан шыққан жас жігітке оқ атқан. Алған жарақатынан 18 жастағы Эдвард Уайт сол кезде қаза тапқан.

Миллер адам өлтіргені үшін түрмеде жазасын өтеген. Бірақ өмірінің бұл кезеңін жұмыс берушілерден жасыруға тырыспаған екен. Сонымен қатар бұл оқиғаны ешкімге таратпаған.

Миллер таныстары мен жақындарына өз шындығын автобиографиялық кітабының тұсаукесері алдында айтқан. «Серпіліс: Менің көшеден сот залына дейінгі құпия саяхатым» деп аталатын кітабында өзге де құпияларымен бөліскен.

Миллер «Nike» компаниясында 1997 жылдан бері жұмыс істейді және осы уақыт аралығында үлкен жетістіктерге жеткен. Ал компанияда өз қызметкерлерімен мақтан тұтатынын және бұрын түрмеге қамалғандарға қалыпты өмірге қайта оралуға мүмкіндік беретін саясатының дұрыс екендігін мәлімдеді.

«Адамның жасаған ең үлкен қателігі өмірінің өзге бөліктеріне әсер етпеуі керек», – деді Миллер ВВС журналисімен сұхбат кезінде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.