Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда Қонаевқа еңселі ескерткіш қойылады

0 816

Тараз қаласында Дінмұхаммед Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына орай Тараз қаласында ескерткіш орнату мәселесін облыс тұрғындары қызу қолдауда,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары Қазақстанның өнері,әдебиеті,мәдениеті , өнеркәсібі,ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде дамыды. Д.А.Қонаев – әр қазақтың жүрегінде ерекше орын алды. Оның есімі қазақ тарихының алтын қорына енді. Ұлы адамның рухына тағзым ету – оның өмірлік ұстанымына,аманатына адал болу парызымыз. Әр ғасырдың өзінің бір туар перзенттері болады. Солардың бірі –Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.

Д.А. Қонаевтың монументалды ескерткішіне байқау жарияланып, 23 өнер туындысы бақ сынады. 17 адамнан құрылған комиссия мүшелері бір ауыздан №000103 жұмысқа дауыс беріп, жеңімпаз анықталып,келісім-шарт қа отырды.

Келісім –шарт бойынша, мүсін қоладан құйылады, биіктігі төрт метр, құны -49 миллион тенге, астындағы тұғыры қоңыр қызыл гранит тасынан тұрғызылады. Тұғырдың биіктігі төрт метр, құны -25 миллион тенге. Бүгінгі уақытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесі қаржы жинауға бастамашы болды.Қордың құрметті мүшесі 94 жасқа келген абыз ақсақал Б.Жаңабаев облыс азаматтарына өз үлестерін қосуын сұрап үндеу жолдап, зейнет ақысынан бірінші болып қаржы салды.Тұрақты жұмысы жоқ бір азамат 3000 тенге алып келіп, «Аз деп азырқанбай менің үлесімді алыңыздар,балаларымның нәсібесінен бөліп ,арнайы беріп тұрмын. Игі істен азамат тыс қалмау керек. Ертең алып ескерткіштің қасынан отбасыммен өткенде біздің де үлесіміз болған деп кеудемді көтеріп жүруім керек» деп ағынан жарылды.
«Көп түкірсе көл»- деген,келісім шарттың алғашқы қаржылары 23 миллион тенге мүсіншілерге аударылды.Ел игілігі үшін ,қайырымдылық іс атқарып жүрген рухы биік әр азамат,әр ұжым өз үлесін қосады деген сенімдеміз
Ендеше халықтың қолдауымен Алатаудай алып тұлғаның өр бейнесі , асқақ ескерткіші Тараздың төрінде мен мұндалап тұратын күн алыс емес.

Д.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық
бөлімшесінің есеп-шоты: «Международный фонд Д.А. Кунаева»
г.Тараз,ул,Д.Кунаева 6»а». Народный банк БИН 960841011662
ИИК KZ636010161000309744 БИК HSBKKZKX.
Kaspi.kz 87010524855.Руслан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.