Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрымқұлдықтардың туған ауылына тартуы

0 562

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жомарт түлек» жобасы ел ішіндегі талай игі істерге ұйытқы болып отыр. Түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген елге танымал азаматтардың демеушілік көмегімен ауыл-аймақтағы бірқатар мәселелер сәтімен оң шешімін тауып келеді. Осындай бір игі іс Талас ауданының Тұрымқұл ауылында көрініс тапты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz «ақпарат агенттігі.

 

Туған жердің көркеюіне үлес қосуды перзенттік парыз санаған түлектер ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өз қаражаттарына Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагерлерге арнап «Мәңгілік алау» ескерткішін, балалар ойын алаңын, су бұрғағын және «Ойық баба» мешітін тұрғызып, бір мезгілде пайдалануға берді.

Жалпы, ауыл тұрғындарының жұмылып, ұйымшылдықпен атқарған жұмыстарының нәтижесінде «Ойық баба» мешіті бір жарым жылға жуық уақыттың ішінде толықтай аяқталды. 80 млн. теңгеге тұрғызылған имандылық үйіне қаржылай демеушілік танытқан-Мақұлбек Мырзақұлов.

Ұлы Отан соғысына қатысқан ауылдан шыққан ардагерлердің есімдері жазылған «Мәңгілік алау» ескерткішін «Аралбек» шаруа қожалығының төрағасы Ерлан Аралбеков өз қаражаты есебінен тұрғызды. Отан үшін от кешіп, нағыз ерліктің үлгісін көрсеткен ардагерлерге арналған белгі құрылысына 5,5 млн теңге жұмсалған. Ал, «Нұртас» шаруа қожалығының төрағасы Нұрдәулет Сәрсен 3,5 млн. теңгеге балалар ойын алаңын салып берді. «Бастаубай» шаруа қожалығының төрағасы Ғалым Бастаубаев сәні мен сәулеті келіскен «Су бұрқағының» құрылысына 2,5 млн. теңге бөліп, пайдалануға ұсынды.

Туған жерді көркейтуді мақсат тұтқан азаматтар шарапатты шаралардың мұнымен шектелмейтіндігін айтып отыр. Алдағы уақытта осы нысандардың жанынан ауыл жастарына арнап спорт алаңы мен қыстық спорт залы тұрғызылмақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.