Ауа райы температурасының төмен болуына және тұрғындар сұранысына байланысты Тараз қаласында жылыту маусымы жоспардан ерте қосылады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Бүгіннен бастап әлеуметтік маңызы бар мекемелер: ауруханалар, мектептер мен балабақшаларға жылу беріледі. Тұрғын үйлерге де кезең-кезеңімен қосылатын болады.