UFC бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен “Манчестер Юнайтед” клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду көз арбасты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт жұлдыздары Англияда, “Манчестер Юнайтед” пен “Эвертон” арасында өткен ойыннан соң кездескен. Ресейлік спортшы футболшыға жанкүйер болуға келген.
Хабиб пен Роналдудың бұрыннан достық қарым-қатынаста екені белгілі
“Ол тарихтағы үздіктердің бірі. Жасай бер, чемпион. Сен әлем бойынша миллиондаған адамдарды шабыттандырасың”, – деп жазды Хабиб.
Ол танымал футболшымен түскен суретін өз Instagram парақшасында жариялады.