Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысындағы шу: Мола іргесіне үй салушыларға халық қарсы шықты

0 409

Моланың іргесіне үй салмақшы. Алматы облысы Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары осылай шу шығарды. Айтуларынша, осыдан екі күн бұрын зират жанындағы жерді техника әкеліп қаза бастаған. Қолындағы құжатты көрсеткен азаматтар жұмысты тоқтатпай отыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Халық шулағаннан кейін оқиға орнына келген жергілікті әкімнің айтар өз жауабы бар.

Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылындағы жұрттың ұнжырғасы түскен. Өйткені осы маңдағы жалғыз зираттың бос жеріне өзгелер ауыз сала ма деп алаң.

«Екі күн бұрын ұрын келіп қас қарайғанда трактор жерді жырта бастағанда күдігіміз расталды. Былтырдан бері әңгіме бола бастаған. Малюткамен қазып, «мынаның бәрін былай қарай жерлей беріңдер, тимеймін оған, қалғанның бәрінде жұмыстарын болмасын, ана жаққа шықсаң жаман болады» деп айтып жатыр». Сондықтан халықта түсініспеушілік бар, – дейді Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны Айтбай Жұмағұлов.

Бейіт пен қазылған жердің арасы бар-жоғы 15 метр. Ал санитарлық талап бойынша қандай құрылыс нысаны болмасын, зираттан 300 метр қашықтықта орналасуы тиіс.

Қарағандыда жауынның кесірінен бірден тоғыз сынып қашықтан оқуға көшті

Алматыда алаяқтар банк арқылы өзгелердің атынан 10 млн теңгеге несие рәсімдеген
Жергілікті тұрғындар ұжымшар кезінде арнайы зиратқа бөлінген аумаққа көз тігу «осыдан бес жыл бұрын басталды» дейді. Халық шуынан кейін сәл тыншығанмен, мәселе әлі тұрлауын таппай тұр.

«Бес жыл осыдан бұрын ағашқа дейін былай аумақтың бәріне біреулер сатып, әкімдіктен 12 учаскелер берген. Сонда акт қолында. Бірақ бізге «мәселені шешкен секілдіміз» деп хабарлады, сол үшін үндемей бес жыл күттік», – дейді ауыл тұрғыны Халид Гасанов.

Зиратқа қарасты Райымбек ауылдық округінің әкімі жұрт ортасына келгенмен, мардымды жауап айтпады. Мола аумағының бір гектарына қожайынның пайда болуы оны да таң қалдырған сияқты.

«Біз білмейміз кезінде ол жердің қалай берілгендігін. Комиссия өздері жазып, халықтың өтініштерін қағазға түсіреді, мен кадастр бөліміне жіберемін, олар анықтау жұмысын жүргізеді», – деді Райымбек ауылдық округінің әкімі Ержан Төлембаев.

Комиссия осы аптада құрылғанымен, оның қорытындысы қашан шығатыны белгісіз. Қай жылы, қай әкімнің кезінде, қандай негізде бұл жердің бір бөлігін өзгеге беруін анықтауға апта емес, айлар кететіні анық.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.