Қалалық қоғамдық-саяси газет

Заттыбек Көпбосынұлы үш қабатты үйін 185 миллион теңгеге сатылымға шығарды

0 1  552

Заттыбек Көпбосынұлы Шымкенттегі зәулім үйін сатылымға шығарды. Аумағы 550 шаршы метрді құрайтын үш қабатты зәулім үй 185 миллион теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.»Әркімнің өз таңдауы мен талғамы бар, өмір болған соң. Көзқарас, ұмтылыс, пікірлер өзгеріп отыратын тағы да бар. Менің үйім, менің шаңырағым, талай жақсылықтарымның, талай тарландар мен таланттарға төрінен орын берген, береке-бірліктің куәсі. Алланың маған берген ризығымен адал еңбегімнің жемісі. Алланың маған бергендеріне сансыз шүкірлер етемін. Менің де Алла ризалығы үшін істеген бір ісім болсын деп шарбағымның бір шетін ауылдастарым мен Алла жолын танып білгісі келгендер үшін намазхана етіп бердім…

Алла білуші ғой, ниетім Аллаға ғана аян. Енді осы үйге менен кейін ие болар иесі табылса деп саудаға қойдым. Саудада береке бар деген адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (ғ.с.) Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын. Өмір өзгерістерден тұрады емес пе, ағайын?» – деп жазды ол.

Шаш үлгісін өзгерткен Мәдина Сәдуақасова елден сөз естіп қалды
​​​​​​​Мейрамбек Бесбаев ұлы мен қызын бейнебаянға түсірді (видео)
Үйдің іргетасы екі кірпіштен қаланған, 12-бөлмеден тұрады. Негізгі бөлмелерден бөлек, үйде үлкен кинозал бар. Үйдің құны – 185 миллион теңгеге бағаланып отыр.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.