Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарттарым-асыл қазынам

0 660

1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай,2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Қарттар ғұмыры- құрмет ұзартады» атты мерекелік іс- шара өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Мерекені облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев құттықтау сөзімен ашты. Ол өз сөзінде үлкенге құрмет, кішіден ізет екенін ескеріп, қарияларды құрмет тұтуға шақырды.

Ән күймен көмкерілген кеш барысында домбырашылар ансамблі «Ерке сылқым», «Жеңгем сүйер» күйлерін, «Бозторғай» би ансамблі «Еркетай құрбылар» биін, «Лүпіл» тобы «Мереке», «Жұлдыз-ай» тобы » Мама, ты мой рай», Жайлау Шаттық » Асыл әжем» әндерін тамылжыта шырқады.

Орталық директоры Балабек Нарбаев: «Бүгінгі мерекелік шара өткен күндерді еске алып, есеп беретін күн сияқты. Жүрегіміз елжіреп, дүниеден өткен ата анамды еске алып, толқыдым. Қарттарымыз аман сау жүрсінші»- деп ізгі ниетін білдірді. Сондай ақ, орталықтың қызмет алушыларына сый- сияпат көрсетіп, Қарттар үйіне демеушілік еткен азаматтарға, және орталықтың қоғамдық және мәдени жұмыстарына белсене араласып жүрген арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар Тоқшылық Құттыбаев, Галина Кевченкоға Алғыс хат, ал Виталий Таранцевке қоларба сыйлады.

Сонымен қатар облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы «Қарттарым асыл қазынам» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Салтанатты жиынға орталықты бұрын басқарған және бірнеше жыл қызмет еткен ардагерлер қатысты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.