Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Кредитіңді жауып беремін» – банк қызметкері тұрғынды алдап кетті

0 441

Түркістан облысында «кредитіңді жауып беремін» деп тұрғынды алдаған банк қызметкері ұсталды, –деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Кентау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.Шағымданушының айтуынша, белгісіз адам өзін «банк қызметкерімін» деп таныстырып, «кредитіңді жауып беремін» деп сендірген.

Сол үшін жәбірленушіден 200 мың теңге ақша алған. Сонан соң алаяқ жәбірленуші әйелге берген уәдесін орындамай әбден әбігерге салған.

Полицейлер күдікті ұстады. Оның бұрын банкте жұмыс істегені анықтады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.