Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өнімді кеш ексе де егістігін жайқалтып үлгерді

0 364

Апта аралығында аудан әкімі Сәкен Арубаев пен орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы «Шарипов» шаруа қожалығының 213 гектар қант қызылшасын көрді. Сабағы жайқалып, топырағы дым тартқан егістіктің ұшы-қиыры көрінер емес.


– Тәтті түбірді баптай білген табыстың тайқазанын тасытады. Алғашқы сұрпы өнім бермей әбігерге салғанымен, алқапқа қайта соқа салып, қайта орналастырған Абдулмалик Шариповтың іскерлігін айта кеткеніміз жөн. Өзіңіз көріп тұрғандай, қант қызылшасының түбірі кесектей, – деді Ерлан Қыдыралыұлы топырақтан жотасы көрініп жатқан қызылшаны қолына алып.
– Қант қызылшасының масағы қалмайды. Техникалардан қалған өнімдерді жақын маңдағы жұртшылық жинап, төрт-түлікке азық етеді, деді – Аманалы Омарұлы әңгіме арасында.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.