Жәния Джуринская мен Дана Есеева ерекше сайыс ұйымдастырды. Қос блогер сиыр сауудан, ішек-қарын тазалап, самаурын жағудан жарысты. Жұлдыздар бұл акцияны Емилия есімді бүлдіршіннің еміне ақша жинау үшін ұйымдастырды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Дана Есеева мен Жәния Джуринская қайырымды акция аясында батл ұйымдастырды. Екеуі сиыр сауып, қора тазалап, ішек-қарын жуып жарысты. Соңында самаурын жағып, күйеулері мен Эмилияның отбасын шайға шақырды.
Желі оқырмандары екеуінің бұл әрекетіне риза болып, атсалысты. 1 тәулік ішінде 7 миллион теңгеге жуық ақша жиналды. Емилияның сауығып кетуі үшін әлі 444 597 959 теңге қажет.