Елімізде соңғы бір тәулікте науқас саны қайта көбейді. Алайда эпидемиологиялық ахуалы жақсарған Ақмола облысы «қызыл» аймақтан» шықты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Қарағанды, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.