Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айгүл Мүкей кинодағы рөлінің ақысына «манты» алғанын айтты

0 240

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей кино факультетінде оқып жүрген кезінде басынан өткен небір қызықты хикаяларын баяндады. Ол бір кездері бір рөлдің ақысына «манты» алғанын айтты. Көпшілікке жаңалықтар тізгіншісі ретінде танылған Айгүл жақында сериалға түскенін айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» сайтына агенттігі Stan.kz ақсілтеме жасап.

«Бойжеткен, сен киноға түскің келе ме?» Менің замандастарым осы фильмді білуі тиіс. Олардың әрқайсысы көшеде жанына режиссер немесе ассистент келіп, киноға шақырғанын елестеткен.

Мені жаңа толқынның барлық дерлік режиссерлері киноға шақырған. Сатыбалды Нарымбетов, Талғат Теменов, Дарижан Өмірбаев, Ардақ Әмірқұлов, Әмір Қарақұлов…

Негізінен массовкаға түстім. 3 күн қатарынан дискотекада билеп, ақысына манты алған кезім болған. Ал Нарымбетовтың «Омпа» фильмінде тойда жүрдім.

Тағы бір есте қалған эпизод, әл-Фараби көшесімен кептелісте келе жатып, артынан бірден: “Кір, сүйгеніңді жоғалттым деп егіліп жыла», – деді. Кептелістен кейін қолымнан келмеді. Эх…» – деп күрсінді тележүргізуші.

Айгүл Мүкей кино факультетінде жүргенде қыздармен өзара «киноға түскің келсе, сабақта отырма, дәлізде еркектерге көзіңді тік» деп қалжыңдасатынын еске алды.

«Мүмкін режиссер актриса іздеп жүрген шығар», – деп жазды Мүкей.

Жастық шағында тек қана массовкада бой көрсеткен Айгүл енді отандық телехикаяда басты рөлді сомдады. KazNews атты телехикая тележурналистика мен ТВ-ның ішкі «асханасы» жайлы болмақ.
Туынды жуырда «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.