Елімізде Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні болып бекітілген. Осы атаулы күнге орай облыстық еңбек инспекциясы басқармасы әлеуметтік әріптестерімен бірлесіп салтанатты іс-шара өткізді.
Шарада сөз алған басқарма басшысы Ернар Есіркепов мерекенің маңызына кеңінен тоқталды.
– Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру тапсырмасы аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, өндірістік қызметкерлерді ынталандыру, жұмысшы мамандықтарын насихаттау арқылы жастардың жұмысшы кәсібіне деген қызығушылығын оятуды көздейтін бұл мереке биыл 8-ші рет аталып өтілуде. «Еңбек – ырыстың қазығы» деген баталы сөз бар. Қарапайым еңбеккерлер бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосуда, – деген Ернар Серікәліұлы әлеуметтік әріптестермен және жергілікті әкімдіктермен бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесі, алда тұрған жос-парлары туралы да кеңінен сөз етті.
Келесі кезекте шараға арнайы қатысқан «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мәди Мәтен, облыстық жұмыс берушілер қауымдастығының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Гулам Умаров, «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бахтияр Қараулов сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, бірқатар еңбек озаттарын марапаттады.
Құрбанәлі Аманкелдіұлы