Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз маңындағы жарылыстан кейін бір ай өтсе де, із-түссіз жоғалған Бауыржан Дәуітбаев әлі табылмаған

0 2  526

Жамбыл облысындағы апаттан соң ізім-ғайым жоғалған Бауыржан Дәуітбаевті іздеу жұмыстары бір айдан бері жалғасып жатқанымен ешқандай нәтиже бермеген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әскерилер, тау-тасты араладық, жарылыс ошағын қопардық, жүздеген сарбаз жұмылдырылды дегеннен өзге бұл жолы да түк айтпады.

“Бауыржан жараланғандар мен қаза тапқандар тізімінде және аман қалғандардың да ішінде жоқ. Әрі жарылыс хронологиясын жасау кезінде оның апат ошағында болғаны анық”, – дейді «Тараз» гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі Дина Мухаринова.

Әскерилер заң бойынша қару-жарақ сақталған қойма мен елдімекен арасы кемінде 1,5-2 шақырым болуы тиіс дейді. Айтуларынша, билік өкілдері қоймаға жақын маңдағы жерді сатарда кімнен рұқсат алғаны белгісіз. Бірақ қазір 19 түтіні бар ауылды көшірген гөрі, сақталған оқ-дәрісі түгел дерлік жарылып кеткен қойманы ауыстыру жайы ойластырылып жатыр екен. 

Еске салсақ, Жамбыл облысындағы жарылыстың себебінен 17 адам көз жұмып, жүзге жуық азамат жарақат алған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.