Қалалық қоғамдық-саяси газет

Маңғыстауда 700-ге жуық азамат «Plus Capital» ұйымына қаржы аударамын деп сан соғып қалған

0 980

Маңғыстау облысында 700-ге жуық адам «Plus Capital» қаржылық ұйымына мүлкі мен қомақты қаражатын салып алданып қалғанын айтады. Ал компанияның жарнамасы Ақтау көшелеріне ілініп, әлеуметтік желіде таралыпты. Салымшылар компания құрылтайшысы 3 миллиард теңгедей қаражатты қалтасына басып, ұшты-күйлі жоғалып кетті дейді. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында Артур Темірғалиев атты азамат басқаратын Plus Capital  қаржылық компаниясына үй, көлік, одан қалды қомақты ақшамызды салдық деген тұрғындар оңбай алдандық дейді. Сөздерінше, компания оларға салған қаражатты екі есе етіп қайтарамыз деп уәде еткен. Ал осы ломбард ұйымымен баспанасын қымбат бағаға сатуға келісіп, бүкіл құжатты нотариалды түрде рәсімдегендер толық қаражатын алмаған. Айтуларынша, нотариус жалған құжат рәсімдеп отырыпты.

“Халық нотариуске сенді, себебі бұл әділет министрлігінде тіркелген. БИН-ы бар. Депозитке салған ақшалар Сбербанк Ресеймен жұмыс жасаймыз деді. Ал қазіргі қылмыстық іс бойынша тек қана Темірғалиев іздестірілуде, ол бір жарым жылдан бері жоқ. Дегенмен, Құсайын Дархан мен нотариус София Кушниренкоға қатысты 13-шілдеде сот басталды. Әрбір жәбірленуші айыптау парағымен келіскен жоқ”, – дейді салымшы Сайлаугүл Әсемова.

Ал Plus Capital қаржылық ұйымына ақшасы мен мүлкін өткізген 700 азаматтың құжатын бір ғана нотариус София Кушниренко  рәсімдепті. Ол 2017 жылдың 25 тамызында Әділет министрлігінің лицензиясын алған. Облыстық әділет департаменті болса жеке нотариустарға негізсіз ешқандай тексеріс жүргізе алмайтынын айтып отыр.

“Жекеше нотариустардың күнделікті жасап отырған іс-әрекетін ЕНИС базасынан қарап отыруға бізге мүмкіндік берілмеген. Егер де олардың жасаған іс-әрекетін тергеу жүргізу қажет болса, онда біз азаматтардан түскен арыз-шағым есебінде қараймыз”, – дейді Маңғыстау облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Әуес Көшкінбай.

Салымшылар бұл былыққа бірнеше адамның қатысы барын айтады. Әрі оларды ұйымдасқан қылмыстық топ деп тану керек дейді. Өйткені нотариус арқылы құжатқа Артур Темірғалиевтің өзі емес, оның есепшілері мен басқа да қызметкерлері қол қойған көрінеді. Ал сотқа дейінгі тергеу ісінде берілген дәлел мен айғақ сот барысында қаралмай жатыр деп ашулы.

“Тергеп-тексеру, заңды құқығын қорғау органдары дұрыс тексермеген. Көбін шақырмаған және сот барысында жәбірленушілермен тек қана 5 минутқа сөйлескен”, – дейді тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Қатауов.

Қаржылық ұйымның арбауына түскен тек салымшылар емес. Темірғалиевтен жылжымайтын мүлікті сатып алғандар да бар. Осы іске қатысты тергеу былтыр ақпан айында жүргізіліп, сот биыл шілдеде басталған. Ал бүгінгі жиынға облыстық полиция департаменті, прокуратура мен облыстық сот өкілдері қатыспады. Облыстық соттың баспасөз қызметі сот аяқталмайынша ешқандай сұхбат беруге рұқсат етілмейтінін айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.