Иманбек Зейкенов Ресейлік GQ журналының “2021 жылғы ерлер” жүлдесінің “Жыл жаңалығы” аталымын жеңіп алды. Музыкант жүлдесімен түскен суретін өзінің сторисінде жариялады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
GQ журналы биылғы жеңімпаздар тізімін жариялады. Онда Қазақстаннан шыққан тұңғыш “Грэмми” сыйлығының иесі, музыкант Иманбек жайлы:
“Grammy сыйлығы, аудиоплатформалардағы миллиардтаған тыңдалым мен әлемдік музыкалық лейблдар мен компаниялармен келісім-шарттар.
Рэпер SAINt JHN-нің Roses трегіне ремикс жасаған қазақстандық жас диджей мен продюсер Иманбек Зейкенов үшін бұл тек бастамасы деп сенеміз”, – деп жазылған.
Осы санатта ресейлік Федор Федотов, Владимир Онохов, Soda Luv пен Евгений Сангаджиев марапатталған.