Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қытайда коронавирустың жаңа түрі өршіді

0 570

Шығыстағы көршіміздің оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясында COVID-19 коронавирусының жаңа штамы пайда болды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап. .

Қытай бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, вирустың бұл жаңа түрі адам ағзасына түскен соң ешбір сыр алдырмайтын көрінеді. Яғни, симптомдары жоқ.

Вирустың жаңа ошағы 3 миллионнан астам тұрғыны бар Сянью қаласында бұрқ еткен. Кейбір деректерге қарағанда, бұл – коронавирустың «дельта» штамының өзгеріске түскен түрі. Вирустың бұл түрін жергілікті мамандар қала тұрғындарынан 82 мыңға жуық сынама алған соң анықтаған.

Сенбіден бастап қаладағы барлық қақпалар жабылған. Қала аралық, аудан аралық таксилер тоқтатылып, ойын-сауық орталықтарының жұмысына шектеу қойылып, қалаға кіріп-шығуға тыйым салынды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.