Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елордада жаңа үлгідегі бағдаршам орнатыла бастады

0 533

Нұр-Сұлтанда ел тарихында алғаш рет жол қозғалысын реттейтін инновациялық құралдарды тестілеу басталды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының ақпаратына сәйкес, қала қиылыстарында жарығы бар жаяу жүргіншілер бағдаршамы қолданылады. SWARCO өндірушісінің жаңа бағдаршамы әдеттегі дыбыстық функцияны толықтыратын болады. Енді бағдаршамның қызыл жарығы тротуарға да түседі тиісінше жаяу жүргіншілердің смартфонының дисплейіне де шағылысатын болады. Жаяу жүргіншілер бағдаршамы жердегі жарықтандыру функциясын орындап қана қоймайды, сонымен қатар екі көзі телефонда, «басын салбыратып жүретін» өскелең ұрпақтың назарын аударады. Осылайша жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне айтарлықтай үлес қосады. Жаяу жүргіншілер бағдаршамының жаңа моделінде мынадай артықшылықтар бар: ымырт үйірілгенде және түнгі уақытта тротуарға қызыл жарық түсуіне байланысты бағдаршамның қызыл белгісі жақсырақ көрінеді, смартфонның дисплейіне бағдаршамның қызыл сигналы түсуі арқылы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі артады және тротуардың шетінде қызыл түспен белгіленген орындардың арқасында жаяу жүргіншілерді көлік жүргізушілері жылдам байқайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.