Елбасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесінде прокурордың негізгі процестік шешімдерді келісудің жаңа тәртібі бойынша «Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту туралы» пилоттық жоба заңды күшіне еніп, қазіргі таңда жүзеге асырылуда.
Бұл жобаның мақсаты – қылмыстық қудалау орбитасына түскен тұлғаны күдікті деп тану, сол күдіктінің іс-әрекетін саралау, мерзімін үзу, істі тоқтату туралы тергеушінің шешімдерін прокурор тарапынан заңдылығы тексеріліп, электронды түрде бекітеді немесе келіседі. Аталған шешімдер прокурордың келісуі мен бекітуісіз, заңды деп саналмайды.
Өз кезегінде іс жүргізу құжаттарын дайындау уақыттары және тергеу мерзімдері қысқарады.
Сондай-ақ өткен жылдың 1 қазанынан бастап Жамбыл облысынан бастау алған «Адвокаттарды қорғаушы ретінде тағайындау процестерін автоматтандыру, мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу жөніндегі» тағы бір пилоттық жобасы іске қосылды.
Бұл ретте күдіктіге мемлекет тарапынан кепілдендірілген заң көмегін ұсыну, тергеуші мен адвокат арасындағы байланысты онлайн режимінде жүргізілудің тиімділігі артты.
Жобаны жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасымен ауқымды жұмыстар атқарылды.
Қазіргі таңда жыл басынан бастап аталған жоба іске қосылып, еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ 11.05.2021 жылы облыс прокурорының жанынан құрылған құқықтық мониторинг орталығында (ҚМО) барлық қылмыстық қудалау органдарының басшылық құрамдарымен және жеке құраммен жүзеге асырылған цифрлық жүйелердің іс жүзінде атқарылуы, туындаған келеңсіздіктерді жоюға негізделген мәжіліс өткізілді.
Мәжілісте цифрлық жобаларды жүзеге асыру жөнінде сұрақтар талқыланды. Мұнда қылмыстық қудалау органдарына қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшуге және осы бастаманы әрі қарай іске асыруға нақты міндеттер қойылды.
Бахтияр ҚАЛЫСБАЕВ,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы