Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тау тұлғаға тағзым

0 348

12 қаңтар – мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым акедемиясының академигі Дінмұхамед Қонаевтың дүниеге келген күні. Атаулы күнге орай тау тұлғалы азаматтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Сәндібек ПІРЕНОВ. Суретті түсірген Сәкен АБЖАПАРОВ

Салтанатты жиында облыстың Құрметті азаматы Оңласын Есіркепов пен Сағынхан Әміреқұлов бастаған ардагерлер кеңесінің және халықаралық Д.А.Қонаев қоры облыстық бөлімшесінің мүшелері, қоғам белсенділері, қітапхана қызметкерлері ескерткішке гүл қойып, қайраткер рухына тағзым етті.

– Халықтың ұлы перзенті, Д. Қонаевтың туғанына бүгін 109 жыл толып отыр. Қайраткер жайлы деректер Д.А.Қонаев қорында сақтаулы тұр. Аумалы-төкпелі заманда елінің жанашыры болған азаматқа күллі қазақ жұртының құрметі ерекше. Келер жылы Қонаевтың 110 жылдығына орай жаңа ескерткіш ашылады екен. Бұл бастаманы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қолдап отыр, – дейді облыстың Құрметті азаматы Сағынхан Әміреқұлов.

Жиылғандар ескерткіш алдында халықтың біртуар азаматы жайында естеліктер айтты. Рас, уақыт өтіп, керуен көшсе де, елі сүйген қайраткердің есімі мәңгілік ұмытылмайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.