Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қажетті анықтама алу жолдары

0 271

Тараз қаласының мемлекеттік архивінде «Архивтік анықтамалар беру, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер» мемлекеттік қызметі бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Ашық есік күні» өтті.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Жиынға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық №1 бөлімінің маманы Бауыржан Шайдос, №2 бөлім басшысының орынбасары Аслан Искаков, №3 бөлімнің маманы Бекболат Шайдилдаев, №4 бөлім басшысының орынбасары Айдар Сапахов, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің заңгері Қанат Жупбаев қатысты.

Осы уақытқа дейін бірнеше электронды бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында жұмыс жүргізілді. Соның нәтижесінде барлық мемлекеттік органдардың басын біріктірген «Электронды үкімет» бағдарламасы халық арасында кеңінен таныла бастады.

– Әркімді әрі-сәрі күй кештірген пандемия кезінде барлық мемлекеттік қызметтер электронды түрде көрсетілген болатын. Осы орайда архивтік анықтамаларды алуда үлкен кісілер түсінбегендіктен қиындыққа тап болатын. Осындай ыңғайсыздықтың алдын алу мақсатында өткен «Ашық есік күні» аталмыш мемлекеттік қызметті қарапайым халыққа мүмкіндігінше түсінікті ету үшін де қажет, – деді өз сөзінде Тараз қаласының мемлекеттік архивінің директоры Нұрхат Серікбаев.

Бүгінгі күні осы бағдарламамен үйде отырып-ақ, ұялы телефон арқылы қажетті анықтамаларды сұратуға болады. Ол үшін әр азамат Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе онлайн түрде электронды кілтті (ЭЦҚ) алса болғаны.

– Бұл бағдарламада «Архивтік анықтама алу» тетігі де іске қосылған. Бұл тетік арқылы әрбір қазақстандық азамат «Электронды үкімет» бағдарламасы арқылы республиканың кез келген аймағындағы мемлекеттік архивтерге сұраныс салып, қажетті анықтамасын ала алады, – деді қалалық архивтің бөлім басшысы Гүлмира Аханбекова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.