Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қан тапсырып, өмір сыйла!

0 185

Облыста Волонтер жылына орай 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының «SAÝLYQ» волонтерлік бағыты бойынша «Өмір сыйла!» акциясы жүзеге асуда.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Қан тапсыру орталығына донор тарту арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлері бір кісідей қан тапсырып, мұқтаж жандарға көмек қолын созуды көздеп отыр.

Маусым айында бастау алған жаңа жоба жылдың аяғына дейін жалғасын табатын болады. Жоба аясында қан тапсыруға облыс бойынша 2 000-ға жуық адамды тарту көзделіп отыр.

– Бұл акция ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялауына байланысты Волонтер жылының іс-шаралары бекітілген болатын. Осы жоспарға сәйкес 7 бағыт бар. Соның бірі – «Саулық» бағыты. Яғни адамды салауатты өмір салтына бейімдеу. Осы бағытты іске асыру үшін қайырымдылық бағытында «Өмір сыйла!» акциясы жүзеге асырылып жатыр. Негізі, Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жоспарына сәйкес 9 бағыттан тұратын 21 жоба іске асырылуда. Екінші рет өтіп отырған жобаға 50 ерікті қан тапсырды. Сонымен қатар карантин кезінде қан тапшылығы байқалып, сол себепті қан орталығымен тығыз жұмыс істеудеміз. Жыл соңына дейін 200-ден астам азаматты донор ретінде тартуды жоспарлап отырмыз. Күні бүгінге дейін 100-ге жуық донор тартылды, – дейді Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа.

Облыстық «Жібек жолы жастары» волонтерлік қозғалысының жетекшісі Аяулым Расылхан да бар. Ол қан тапсыру барысында мұқтаж жандарға көмегі тиетініне ризалығын білдірді.

– Бұл акция адамдарға жақсылық сыйлайды. Ешкім ауырмаса екен. Денсаулығына алаңдап, адамдар дәрі-дәрмекке мұқтаж болмаса екен. Иненің жасуындай болса да жақсылық қолымыздан келсе, жасауға талпынып жатырмыз. Әлдекімге қан керек болып, біздің сауабымыз тиіп жатса, акцияның ойдағыдай өткені деп білемін, – дейді Аяулым.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.