Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Заң мен тәртіп» – қоғам қауіпсіздігінің кепілі

0 91

Әулиеата ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғам арасында кеңінен насихаттау мақсатымен арнайы кездесу өтті.

Шараға Әулиеата ауданының әкімі Барлық Төреханов төрағалық етті. Кездесуге Әулиеата ауданы полиция бөлімінің бастығы, қалалық прокуратура өкілдері, аудан әкімдігі салалық бөлімдерінің және коммуналдық мекемелердің басшылары қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасында ашық диалог орнату, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, құқық- бұзушылықтардың алдын алу және аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндіру.
Кездесу барысында құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық орындардағы тәртіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың өтініштері мен шағымдарын қарау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыс- тары жүргізілді.
Сонымен қатар тұрғындарға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, құқықбұзушылықтың кез келген түріне жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу барысында аудан тұрғындары өздерін толғандыр- ған өзекті мәселелерін ортаға салып, жауапты мемлекеттік органдар мен мекеме басшыларына нақты сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, тұрғындар тарапынан аулаларды абаттандыру және санитарлық тазалық, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, жолдардың жағдайы, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық қауіпсіздік, құқықбұзушылықтардың алдын алу, коммуналдық қызметтердің сапасы және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша ұсыныстар мен өтініштер айтылды.
Көтерілген әрбір мәселе жауапты сала мамандарының қатысуымен қаралып, тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты түсініктемелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.
Әулиеата ауданының әкімі Б.Төреханов өз сөзінде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектері аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.
– Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігінің негізгі кепілі. Бұл бағыттағы жұмыстар тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік органдардың, мекемелердің және тұрғындардың ортақ міндеті. Сондықтан халықпен ашық байланыс орнатып, көтерілген мәселелерді дер кезінде шешу маңызды, – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар жиында мемлекеттік органдардың тұрғындармен кері байланысты күшейту, азаматтардың өтініштерін заң талаптарына сәйкес уақытылы қарау және халықты алаңдатқан мәселелерді жергілікті жерде шешу қажеттігі айтылды.
Қалалық прокуратура өкілдері тарапынан азаматтардың құқықтарын қорғау, заң талаптарын сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыс- тары жүргізілді. Ал полиция бөлімінің басшылығы аудан аумағындағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға баяндама жасап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Жиын соңында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді бақылауға алып, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.
Мұндай кездесулер тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып қана қоймай, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеруге, қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың ортақ негізі. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар Әулиеата ауданында жүйелі түрде жалғасын табады.

Әулиеата ауданының әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.