Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов елге оралды

0 21
Жапонияда өткен Азия ойындарында ел намысын қорғаған жамбылдық спортшы, Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов туған жерге оралды. Құрлық додасында спортшымыз күміс медаль жеңіп алды. Бүгін чемпионды жанкүйерлері мен спорт саласының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Жапонияда өткен Азия ойындарында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды. Финалда отандасымыз жапониялық Хаято Кондомен белдесті. Шешуші кездесуде қарсыласы екі «юко» ұпайымен басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды. Осылайша Елдос Сметов Азиада-2026 ойындарын күміс жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, Сметовтің қоржынында Олимпиаданың толық жүлде жиынтығы бар: Париж-2024 алтыны, Рио-2016 күмісі және Токио-2020 қоласы. Сондай-ақ ол әлем және Азия чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.