Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді

0 39

Достық үйінде Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты мерекелік-концерттік шара өтті. Жиынға өңірдің ардагерлері, этномәдени бірлестік өкілдері мен зиялы қауым қатысты.
Іс-шараның салтанатты бөлігін «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева мен Өңірлік Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан ашты. Сөз сөйлеушілер аға буын өкілдерін мерекемен құттықтап, олардың өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Салтанатты жиын аясында қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген бірқатар ардагерлерге Алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтар табысталды.
Мерекелік бағдарлама әдеби-поэтикалық композициямен басталды. Кеш барысында жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті. «ZAMAN dance» би ұжымы «Қазақша биі» мен «Өзбекше биін» ұсынса, Беларусь этномәдени бірлестігінің “Пламя” вокалдық ансамблі «Туған жер» және Мәдениет саласының үздігі Жанатбек Кәдіров «Өркенде Қазақстан» және «Жайық қызы» әндерін орындады. Сонымен қатар әнші Айгүл Есекееваның және «Жамбыл» триосының репертуарындағы шығармалар шырқалды.
Концерттік бағдарлама аясында ардагерлер арасында отандық және шетелдік ретро-фильмдердің үзінділері бойынша интерактивті викториналық ойын ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы дайындалған дастарқан жайылып, естелік суретке түсу рәсімі өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.