Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде Қала күні мерекесіне орай Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің Аналар алқасы және Жібек жолы ауданы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Ене мен келін – бір шаңырақтың шырағы» атты байқау өтті.
Байқауға 5 ене мен келін қатысып, 5 кезең бойынша бақ сынады. Алғашқы «Ене – бәйтерек, келін – жапырақ» атты кезеңде қатысушылар өздерін таныстырса, «Дәстүр сөйлейді» бөлімінде ұмытылған салт-дәстүрлер бойынша сұрақтарға жауап берді. Келесі «Дәстүріміз ұрпаққа аманат» кезеңінде алдын ала дайындап әкелген үй тапсырмаларын көрсетсе, «Өнерлі елдің өрісі кең» бөлімінде өз өнерлерін ортаға салды. Соңғы «Қонақжайлылық – ата дәстүріміз» айналымында өздері әзірлеген ұлттық тағамдарды көпшілік назарына ұсынды.
Байқауды қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға арнайы номинациялар табысталды.
«JT»-ақпарат