Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның аумақтық департаменттеріне жүктелген функциялардың бірі – мемлекетттік қызмет саласындағы бақылау бағыты.
Мемлекеттік органдар өздерінің өкілеттіліктерін жүзеге асыру барысында заң талаптарын қатаң сақтауға міндетті.
2026 жылдың өткен кезеңінде Департаментпен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуына 21 тексеру жүргізілді, оның ішінде 4 жоспарлы және 17 жоспардан тыс тексерулер.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелерімен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 187 фактісі анықталып, 45 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді (42-і мемлекеттік қызметшілер, 3-і жеке тұлға).
Одан бөлек, еңбек заңнамасында мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан тыс уақытта үстеме жұмыстарға тартуға тыйым салынған және бұл мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын бұзу болып табылады.
Департамент тарапынан мемлекеттік органдарға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу нәтижесінде 4 қызметшіге 5 сағаттан астам қосымша демалыс уақыты берілді.
Бұдан бөлек, «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы қашықтықтан мониторинг жүргізу нәтижесінде 124 қызметшіге 271 сағаттан астам демалыс уақыттары беріліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Жұмыс берушінің жұмыс нормасын заңсыз асырғаны үшін (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабы 1-бөлігі бойынша) 1 лауазымды тұлғаға «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Сонымен қатар, жолданымдарды қарау нәтижелері бойынша жүгінген 4 азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, заң бұзушылықтарға жол берген 6 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша), жалпы сомасы 194 624 теңгені құрайтын айыппұлдар салынды.
Бұл ретте, Департаменттің ұсынуының негізінде жүргізілген конкурстардың нәтижелері жойылып, шағым иелерінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Бұдан басқа, еңбек демалысының төлемдерін және іссапар шығындарын төлеу мерзімдері бұзылғаны үшін тиісті өсімпұлдар төлеу мәселесі көзделген.
Осыған байланысты, Департаментпен жүргізілген тақырыптық талдау қорытындылары бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 60 мемлекеттік қызметшіге (5-еңбек демалысының төлемдері, 55-іссапар төлемдері) жалпы сомасы 91 776 теңгені құрайтын тиісті өсімпұл сомалары төленді.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар Департаментпен тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттіг
Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі